Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы Ресей президентін туған күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Владимир Путиннің басшылығымен әлеуметтік-экономикалық даму бойынша айтарлықтай табысқа жеткенін, беделді мемлекет мәртебесіне ие болғанын, сондай-ақ, әлемдік  және өңірлік мәселелерді Ресейсіз шешу мүмкін еместігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және өзара түсіністікті күшейтуге зор үлес қосқаны үшін ресейлік әріптесіне ризашылығын білдірді.

Әңгімелесу барысында екі мемлекеттің коронавирус пандемиясымен күрестегі іс-қимылдарын үйлестірудің маңызды екені сөз болды.

Тараптар Таулы Қарабақ төңірегіндегі әскери қақтығыстарға қатысты ахуалды талқылады. Сонымен қатар Қырғызстандағы оқиға жөнінде пікір алмасты.  Мемлекеттер басшылары бауырлас елдердегі қоғамдық-саяси жағдайдың тезірек тұрақтанатынына үміттенетінін айтты.  

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге зор денсаулық және Ресейдің игілігі жолындағы қызметіне жаңа табыс тіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір