• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 00:05:51
Алматы
+12°

Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Бұл туралы, ktk.kz хабарлады.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қазан сағат 21:19-да ZAZ Chance маркалы көлігін тізгіндеген мас жүргізуші Кекілбаев көшесімен келе жатып Қайсенов көшесінің қиылысында бағдаршамға назар аудармай, жаяу жүргіншіні қағып кетті.  28 жастағы ер адам бағдаршамнан өтуге рұқсат берілгеннен кейін жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан. Жаяу жүргінші алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. 

Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті сағат 21:22-де қиылыста тұрған Lexus маркалы көлігімен соқтығысқан. Мас жүргізуші көлігін тастап, оқиға орнынан жаяу қашып кеткен. 

Лексусте отырған аяғы ауыр жолаушы аурухана жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді. Артынша полицейлер 23 жастағы жүргізушіні ұстады. 

Қазір тергеу жүріп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұр Сұлтан Жол апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір