• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:42:11
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің қосымша ақы алатынын айтты. Бұл туралы ол техникалық және кәсіптік білім берудің 80 жылдығына арналған іс-шара барысында хабарлады.

Оның айтуынша, бұған дейін біліктілік санаты үшін қосымша төлемді тек мектеп мұғалімдері алатын. "Педагог мәртебесі туралы" заң бойынша колледж педагогтері де қосымша ақы алатын болады.

– Мемлекет басшысының қолдауымен 2020 жылдың қаңтар айынан бастап колледж педагогтерінің жалақысы артты. Алдағы жылдары да арта түспек. Біліктілік санаты үшін педагогтерге қосымша ақы төлеу мәселесі көп жылдар бойы көтерілген болатын. Егер мектептерде мұғалімдер біліктілік санаттары үшін қосымша ақы алса, колледждерде мұндай үрдіс болған жоқ. Енді колледж педагогтері де ай сайын лауазымдық жалақысының 30-дан 50 пайызына дейін қосымша ақы алатын болады. Өз кезегінде колледж директорлары мен директор орынбасарларының атқарған жұмысының тиімділігіне байланысты өз жалақысының 100 пайызына дейін қосымша ақы алу мүмкіндігі бар. Бұл әріптестеріміздің жұмысқа деген ынта-жігері мен жұмыстың тиімділігін арттыра түспек, – деді министр.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір