• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:08:13
Алматы
+35°

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі сәрсенбіде Қытайдың Тайваньды күшпен тартып алу ықтималдығы туралы ескерту жасады. Даулы аймақта соғыс ұшақтарының қонуы қиын болғанын және Америка Құрама Штаттары бұған қалай жауап беретіні жайында мәлімдеді. Бұл туралы Әл-Жазира хабарлады.

Роберт О'Брайен Лас-Вегастағы Невада eниверситетінде өткен іс-шарада Қытайдың теңіз күштерінің ауқымды түрде әскери дайындық жасап жатқанын айтты. Оның сөзінше6 мұндай жағдай бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Германияның Ұлыбритания корольдік флотымен бәсекелесуге тырысқанынан бері болмаған.

– Олар бізді Батыс Тынық мұхитынан ығыстырып шығармақ. Мұндағы мәселе – амфибияға қонудың қиын екендігі, – деген О'Брайен Қытай мен Тайвань арасындағы 100 мильдік (160 км) қашықтықты және аралға қонатын жағажайлардың аздығын көрсетіп.

Аk "егер Қытай Тайванды басып алуға тырысса, АҚШ-тың қандай нұсқалары бар?" деген сұраққа О'Брайен "бұл оңай мәселе емес, сондай-ақ Қытайдың Тайваньға жасаған шабуылына жауап ретінде Америка Құрама Штаттары не істейтіні туралы түсіндіре алмайтын көп жайттар бар" деп жауап берген.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір