09 Қазан, 2020 Әлем

Алмазбек Атамбаев қырғыз халқынан кешірім сұрады

Фото: Sputnik Kyrgyzstan.

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев "Медиафорум" ғимараты алдында өткен митингте сөйледі, деп жазады Sputnik Kyrgyzstan.

Атамбаев Курсан Асанов пен Омурбек Суваналиевтің отставкасынан кейін президент Сооронбай Жээнбеков мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігін толық бақылауына алғанын хабарлады.

Оның сөзінше, Жээнбеков әулетінің Қырғызстандағы банктердің шотында 300 миллион доллар қаржысы бар.

Атамбаев кезінде Жээнбековты билікке әкелгені үшін өкініш білдіріп, халықтан кешірім сұрады. Азаматтарды алаңға тізбектеліп шығуға шақырып, артынша өзі алдыңғы шепте көрініп, азаматтарды бастап, митингті жалғастырды.

Оқи отырыңыз: Алмазбек Атамбаевтың ұсталғаны хабарланды

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір