• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:36:04
Алматы
+35°

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Кабар порталы хабарлады.

"Құрметті отандастар!

Кейбір саясаткерлердің шектен тыс амбициясының кесірінен біздің азаматтардың бейбіт өмірі мен ел тыныштығына қауіп төнді.

Саяси ұрандармен қатар, елдің бірлігі мен қоғамның бейбіт өміріне нұқсан келтіретін үндеулер де айтылды.

Қырғызстанға қауіп-қатер төніп тұр.

Қымбатты қырғызстандықтар, халқымыздың бейбіт өмірі саяси ойынның құрбаны болмауы керек. Сол үшін Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізілді. Бүгін мен сол туралы тиісті жарлыққа қол қойдым.

Конституциялық құзіретімнің аясында мен азаматтардың тыныш өмірі мен елдің тұтастығын сақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Еліміздің бүкіл  күші мені толық қолдайды деп сенемін. Бүгін біз елдігімізге шынайы қауіп төнгеніне куә болып отырмыз. Сондықтан бей-жай қарап тұрмай, осы қиын күндерден бірге шығайық.

Жаратқан халқымызға және сүйікті Қырғызстанымызға жар болсын!" делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қырғызстан митинг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір