• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 17:37:27
Алматы
+35°

Instagram-даШығыс Қазақстан облысында полиция қызметкері басшысының заңсыз іске мәжбүрлегенін айтқан видео жарияланды.

Видеоүндеу авторының айтуынша, ол 2013 жылдан бері әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстау изоляторында жұмыс істейді. Биыл 27 шілдеде жұмыстағы кезекшілік уақытында кезекші офицер Шарман аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушыға қоңырау шалуын сұраған. Ол әкімшілік кодекстің 608-бабы бойынша сот үкімімен 15 тәулікке қамалған 1970 жылғы сотталушыны босату керегін айтқан. Сотталушы көрші ауылға жерлеу рәсіміне барып келетінін ескерткен. 

– "Ешкімге байқатпай барып келеді" деді. Басшым жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтты. Прокурормен келіскенін де айтты. "Ауырып қалды" деген сылтауды айтуымды сұрады. Бірақ мен оның бұйрығын орындаудан бас тарттым, – дейді полицей.

Оның айтуынша, полиция қызметкері барлығын диктафонға жазып алған. Ол жайтты ішкі істер министрі мен бас прокурорға хабарлаған. Тәртіптік комиссияның шешімімен оны қызметінде қалдырып, толық емес қызмет жазасын тағайындау жайлы шешім қабылданған. Полицейге "Жұмысыңды ауыстырғың келе ме?" деген.

Полицей "бұл істің жауапсыз қалғанын қаламаймын. Сонда антты не үшін бердім? Сот шешімінің ол үшін заңды күші болмаса, ол өзін кіммін деп ойлайды?" делінген видеоүндеуде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Полицей заң ШҚО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір