• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:05:40
Алматы
+35°

Фото: Әзербайжанның Қазақстандағы елшілігі

Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшілігі Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде өткен кездесуі нәтижесінде қол жеткізілген 2020 жылдың 10 қазан күні сағат 12:00-ден бастап атысты гуманитарлық мақсатта тоқтату режимін ұстану келісіміне қарамастан, Арменияның қарулы күштері келісімді өрескел түрде бұзуды жалғастырып жатқанын хабарлады.

Елшілік таратқан мәліметке сай, атысты гуманитарлық мақсатта тоқтату режимі күшіне ене салысымен, Әзербайжанның Агдам және Тертер аудандары Армения қарулы күштері тарапынан зеңбірек оғына ұшыраған. Арада бірнеше сағат өткен соң Арменияның қарулы жасақтары Гадрут және Жәбраил бағытында шабуыл әрекетін жасаған.

"Армения қарулы күштерінің Суговшан аумағында армян солдаттарының мәйітін жинап жүрген ақ ту тігілген санитар машинасын атқылауы нәтижесінде бір медициналық қызметкер ауыр жарақат алды.

11 қазан түні майдан шебінен алыс орналасқан, көлемі бойынша Әзербайжанның екінші үлкен қаласы Гянжаға Армения қарулы күштері ракеталық шабуыл жасады. Шабуыл нәтижесінде 7 адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды, араларында балалар да бар.

Атысты гуманитарлық мақсатта тоқтату туралы келісімнен кейін Армения қарулы күштерінің бейбіт тұрғындар мен қалаларға оқ жаудыруы варварлықтың та айқын мысалы болып табылады, ал Армения басшылығының атысты тоқтатуға шақыруы екіжүзділігінің айғағы" делінген ақпараттық хабарламада.

Елшілік Арменияның бейбіт тұрғындарға, үйлерге, азаматтық объектілерге және медициналық қызметкерлерге Әзербайжанға қарсы агрессия саясаты шеңберінде қасақана оқ жаудыруы – елдің халықаралық гуманитарлық құқық және Женева конвенцияларымен бірге халықаралық құқықтың негізін қалаушы нормаларды елемейтінін, өз міндеттерін сөзсіз бұзатынын және гуманизмнің негізгі қағидаттарынан мүлдем алыс екенін тағы бір мәрте көрсететінін атап өтті.

"Армения тарапынан жасалған агрессия актілерін қатаң түрде айыптаймыз және халықаралық қоғамдастықты басқыншы ел Арменияны халықаралық құқық пен халықаралық міндеттерді ұстануына мәжбүрлеу мақсатында батыл қадамдар жасауға шақырамыз.

Аумақтағы ахуал жауапкершілігі Арменияның әскери-саяси басшылығының мойнында" деп хабарлады Әзербайжанның Қазақстандағы елшілігі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір