11 Қазан, 2020 Саясат

Фото: ашық дереккөз
Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров Ыстықкөл облысының өкілетті өкілі Балбак Тулобаевтың отставкаға кету туралы арызын қабылдамады. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.
Оқиға туралы Балбак Тулобаев facebook парақшасында жазған. Ол үкімет басшысына жұмыстан кету туралы арыз тапсырған. Алайда Садыр Жапаров арызды қанағаттандырмаған.
– Садыр Нурғожаұлы былай жауап берді: Қазіргі қиын кезде жұмыс істе. Халқыңа көмектес, уақыты келгенде көреміз, – деп жазды ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру
пікір