12 Қазан, 2020 Саясат
Фото: kabar.kg
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін қайта енгізу туралы тиісті жарлыққа қол қойылды. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.
"Қырғызстан Республикасы Конституциясының 64-бабы 9-бөлігі 2-тармағы және 3, 4, 7, 8-баптарына, "Төтенше жағдай туралы" Қырғыз Республикасының Конституциялық заңына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ қоғамдық-саяси жағдайды тез тұрақтандыру мен Бішкек қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті орнату керек.
Сондықтан, жаппай тәртіпсіздіктерден туындаған зорлық-зомбылыққа және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуіне байланысты Бішкек аумағында 2020 жылғы 12 қазаннан (сағат 20: 00-ден) бастап 19 қазанға (сағат 7: 00-ге) дейінгі кезеңге төтенше жағдай режимін енгізілді" делінген ақпараттық хабарламады.
Елде жағдайдың қалыпқа келуіне кедергі келтіретін саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық қозғалыстардың, азаматтардың тәуелсіз бірлестіктерінің қызметі тоқтатылып жатыр.
Жарлық Жогорку Кенешке жіберіледі және қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Төтенше жағдай режимін енгізу туралы алғашқы жарлыққа Президент 9 қазанда қол қойды, бірақ Жогорку Кенеш мақұлдамады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір