• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:25:24
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстан республикасының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Сайт мәліметінше, Тоқаев Э.Рахмонды Тәжікстанның президенті болып қайта сайлануымен құттықтады. Сайлау қорытындылары оның стратегиялық бағытына деген жоғары сенім мен бүкілхалықтық қолдаудың белгісі екенін атап өтті.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшысы Тәжікстан президентінің екі ел арасындағы берік достық байланыстарды және стратегиялық әріптестікті дамытуға зор үлес қосқанын айтты.

"Қазақстан Президенті бауырлас екі халықтың мүддесі жолында күш-жігер біріктіру арқылы көпжақты қазақ-тәжік ынтымақтастығы жаңа белестерге көтерілетініне сенім білдірді.

Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша бірлескен жұмысты белсенді жалғастыруға дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық серіктестікті нығайту және қазақ-тәжік қатынастарына тың серпін беру мақсатында Эмомали Рахмонды өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды" делінген хабарламада.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір