12 Қазан, 2020 Әдебиет
Фото: Ақберен Елгезектің facebook парақшасынан
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Жарбұлақ ауылындағы орта мектепте белгілі этнограф, жазушы Зейнолла Сәнік атындағы әдеби кабинет ашылды. Бұл туралы ақын Ақберен Елгезек хабарлады.
"Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының” ұйымдастыруымен Үржар ауданына сапарлап қайттық. Жарбұлақ ауылындағы орта мектепте жазушы, этнограф, тарихшы Зейнолла Сәнік атындағы сыныптың ашылуына қатыстық. 3,5 млн. теңгеге жасақталған әдебиет кабинеті заман талаптарына сай жасақталған екен. Сол сыныпта білім алып, армандарын ұштайтын жасөспірімдер үшін қуандық. Сондай мүмкіндіктер жасаған Қанат Сәнік ағамызға, Қанекеңнің қасында осындай үлкен шаруаларды тыңғылықты ұйымдастырып жүрген ақын Серік Қалиев пен Жарқын Сәленұлы мырзаларға дән риза болдық" деді ақын facebook-те игі іске бастамашыл болғандарға алғысын жаудырып.
Зейнолла Мүбәракұлы Сәнік 1935 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Бейжің қаласындағы орталық жастар институтын бітіріп, еңбек жолын баспагерліктен бастаған. Үрімжідегі жастар баспасында жауапты редактор болып қырық жылдай қызмет атқарған. 1955 жылдан бастап әдеби зерттеу жұмыстарын жаза бастаған. Сол уақытта Қытайда жүргізілген "мәдени төңкерістің" ауыр соққысына ұшырап, "халық жауы" болып, ауыр күндерді де өткерген.
Соған қарамастан, қаламгердің ғылыми еңбектерінен, роман, повестерінен құралған жиырмадан астам кітабы жарық көрген. Қазақстанда "Қаракерей Қабанбай", "Хас батыр Қабанбай", "Тұғырыл хан", "Демежан батыр", "Халық күйшісі Қайрақбай", "Баспай" атты кітаптары мен еңбектері жарияланған.
Қаламгер 2013 жылдың 26 қыркүйегінде өмірден озған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір