13 Қазан, 2020 Саясат
Фото:primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
– Көрсеткіштердің тұрақты өсу үрдісі жалпы экономиканың қалпына келуін көрсетеді. Жалпы, Қазақстан экономикасы пандемия мен жаһандық экономикалық дағдарыстың елеулі әсеріне қарамастан, нақты секторда да, қызмет көрсету саласында да көрсеткіштердің өсуін көрсетуде. Бюджеттің кіріс бөлігіне қатысты жыл соңына дейін бекітілген жоспардың 100% орындалуына қол жеткізу қажет. Қазіргі жағдайларда бюджеттің атқарылуы тұрғысынан орталық және жергілікті органдардың басшылары жыл соңына дейін тиімді және уақытылы игеруді қамтамасыз етуі тиіс , – дей келе Асқар Мамин жыл соңына дейін 3 ай қалғандығын және барлық жобаларды аяқтап, жоспарларды іске асыру үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажеттігін айтты.
Үкімет сайтындағы хабарламаға сай, экономиканың базалық салаларында қабылданып жатқан шаралардың арқасында осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өсудің оң серпіні сақталып келеді. Өңдеу өнеркәсібінде 3,3%-ға, оның ішінде фармацевтикада 39,8%-ға, дайын металл бұйымдарын өндіруде 18,9%-ға, машина жасауда 16,6%-ға, оның ішінде автомобиль жасауда 51,6%-ға, сондай-ақ қағаз өнімдері өндірісінде 15,1%-ға және жеңіл өнеркәсіпте 14,1%-ға өсім қамтамасыз етілді. Құрылыс көлемі 10,5%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 9%-ға немесе шамамен 9,6 млн шаршы метрге ұлғайды. Ауыл шаруашылығында 5%-ға тұрақты өсім қамтамасыз етілді, жақсы өнім жиналды.
"ҚР алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қордың активтері биылғы 1 қыркүйекте $94,1 млрд-қа дейін ұлғайды. Металл кенін (+1,2%) және өзге де пайдалы қазбаларды (+0,4%) өндіру секілді тау-кен секторының маңызды бағыттары бойынша оң динамика сақталуда. Бұл ретте ОПЕК+ қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қажеттілігі жағдайында мұнай өндірудің төмендеуі (-3,5%) байқалады. Қыркүйекте қызмет көрсету секторы белсенді түрде жандана бастады – тамыз айымен салыстырғанда, сауда-саттық 2,7%-ға, байланыс 1,3%-ға, көлік және қоймалау 1,2%-ға өсті.
Үкімет басшысы өңірлердің әкімдеріне мемлекет басшысы алға қойған барлық міндеттерді тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін жұмысты жандандыруды тапсырды" делінген ақпараттық хабарламады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір