• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:24:13
Алматы
+35°

Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні болып белгіленген. Осыған орай Алматыда «Алматы – бақытты отбасылар мекені» акциясы өтеді.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ Қазақстандағы Отбасы күніне байланысты 7– 11 қыркүйек аралығында түрлі шараларды қамтитын апталық өткізеді. Апталық аясында ойын-сауық, тәрбиелік және қайырымдылық шаралар мен «Алматы – бақытты отбасылар мекені» акциясы бар»,– деп хабарлады дағдарыс орталығынан.

Әр адам өміріндегі ең қарапайым әрі ең маңызды нәрселер: жанұясы, бала-шағасы, үйі және жақын адамдары. Барлық уақытта отбасы күшті мемлекеттің негізі, әртүрлі кезең ұрпақтарын біріктіретін халықтың рухани және мәдени дәстүрлерін сақтаушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күнін атап өту арқылы біз ежелден жалғасын тауып жатқан отбасына сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық таныту дәстүрлерін жаңғыртып, оларға жаңа леп береміз.

«Алматы – бақытты отбасылар мекені» акциясына Алматы қаласы Әуезов, Алмалы, Бостандық және Түрксіб аудандандарындағы полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлары және Дағдарыс орталығының қызметкерлері қатысуда. Аталмыш акцияның алғашқы кезеңінде қолөнер бойынша шеберлік сыныптар өткен. Онда Дағдарыс орталығында қоныстанған балалар мен инспекторлар бірлесе отырып тастар, атлас жолақтары және фоамираннан әдемі суреттер мен түрлі әшекей бұйымдар жасады. Қорытынды ретінде акцияға қатысушылардың бір тобы қолдауды қажет ететін отбасыларға барып, шеберлік сыныптарында жасалған сыйлықтар мен мектеп оқушыларына арналған кеңсе тауарларын беру жоспарлап отыр», – делінген хабарламада.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір