• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:31:36
Алматы
+35°

Америкадағы президент сайлауы жақындаған сайын, тосыннан болатын жаңалықтар да маңызын арттыра түседі. АҚШ-та  сайлау алдындағы келісімді өзгерте алатын, үміткерлердің біреуінің пайдасына таразыны шешетін оқиға немесе ақпараттар болса, оны "қазан жаңалығы" дейді. Бұл туралы ria.ru ақпарат агенттігі хабарлады.

Агенттіктің айтуынша, "қазан жаңалығы" алдын-ала немесе стихиялы түрде дайындалуы мүмкін. Енді екі үміткерге де (Дональд Трамп пен Джозеф Байден) осындай тосын жаңалықтың қажет екені айтылған.

Жақында АҚШ пен Ресей президенттерінің бірлескен мәлімдемесінде, екі ел "стратегиялық шабуыл қаруын одан әрі қысқарту және шектеу" (СНВ) негіздемелік құжатына қол қою туралы саяси, принципиалды келісімге қол жеткізген. Алайда Ресей америка президентінен бірнеше шарттарды талап етіп отыр. Трамп ол шарттарды орындаған жағдайда, Ресей оған "қазан жаңалығын" жасауға көмектесетін көрінеді. 

Агенттіктің айтуынша, Трамп Путинмен келісім жасағысы келеді. Сондықтан Путин ұсынған шарттарды орындауы бек мүмкін. 

АҚШ президенті Дональд Трамп Флоридада сөйлеген сөзінде қарсыласы, демократиялық партиядан президенттікке үміткер Джо Байденнің интеллектуалдық қабілетіне баға беріп, оның Ресей президенті Владимир Путиннен, Қытай төрағасы Си Цзиньпиннен және КХДР лидері Ким Чен Ыннан кем екенін айтқан болатын. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп Путин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір