• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:20:27
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Үкімет басшысы президентке елдің 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде есеп берді.

Сонымен қатар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар салада дамудың оң қарқыны байқалатыны туралы баяндады. Атап айтқанда өңдеу өнеркәсібінің өсімі 3,3%-ға жеткен, құрылыс көлемі 10,5 %-ға, тұрғын үйлердің пайдалануға берілуі 9%-ға немесе шамамен 9,6 миллион шаршы метрге артқан. Ауыл шаруашылығындағы өсім көрсеткіші 5%-ды құрады. Қазақстанның алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтері 1 қазандағы мәлімет бойынша 91,1 миллиард долларға жетті.

Үкімет басшысының айтуынша, қыркүйекте қызмет көрсету саласындағы белсенділікті қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Осы ретте тамыз айымен салыстырғанда сауда-саттық 2,7%-ға, байланыс 1,3%-ға, көлік және қойма қызметі 1,2%-ға артқан. Қызмет көрсету секторындағы өсім шағын және орта бизнестің жанданғанын білдіреді. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына және азаматтардың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір