• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:23:06
+35°
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәуліктегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат таратты.

Министрлік мәліметінше, 83 адамнан коронавирус, 321 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталған.

Бір күнде 143 науқас коронавирустан, 269 пациент пневмониядан жазылып шыққан. 3 адам қайтыс болған.

Министрлік қазіргі таңда 2862 адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдап жатқанын хабарлады.

"Олардың арасында 88 бала бар. Стационарларда 2 073 науқас жатыр. 789 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 79 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген хабарламада.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, шетел және Қазақстан ғалымдары коронавирус белгілері бар пневмонияның шын мәнінде коронавирус екенін мәлімдегеніне қарамастан, Қазақстан билігі коронавирус пен пневмония статистикасын жеке-жеке жүргізіп келеді.

Елде коронавирус анықталған алғашқы күннен бүгінге дейін 108 984 адам вирус жұқтырған. Оның 104 346-сы жазылып шықса, 1768 адам қайтыс болған.

1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сәйкес, 35234 адам пневмонияға шалдыққан. Оның 27978-і жазылып шықса, 373 адам қайтыс болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір