• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:08:12
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Президент «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың «Жиделі-Бөрлі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді. Сонымен қатар «Қарағайлы» ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады. Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, «Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады, – деп жазды ол.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев Семей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір