15 Қазан, 2020 Саясат
Фото: ашық дереккөз
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін елдегі қазіргі қоғамдық-саяси жағдайға байланысты қырғыз халқына үндеу жасап, отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.
Оның айтуынша, елдегі, атап айтқанда Бішкектегі жағдай шиеленісті болып қала береді.
– Кеше Жогорку Кеңеш үкіметтің құрамын бекітті, мен тиісті тағайындаулар туралы Қырғыз Республикасы Президентінің жарлықтарына қол қойдым. Бірақ бұл шиеленісті жеңілдете алмады. Өкінішке қарай, агрессия басылмай келеді, менің тез арада отставкаға кетуімді талап ету жалғасып жатыр. Мен ешкімді арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамын. Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен бұрын тұрады. Мен үшін әр жерлесімнің өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Мен билікке жабысып тұрған жоқпын. Мен Қырғызстан тарихында өз азаматтарына қан төгіп, оқ атқан президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан мен жұмыстан кетуге шешім қабылдадым, – деді Сооронбай Жээнбеков.
Сооронбай Жээнбеков Джапаровты және басқа саясаткерлерді ел астанасынан өз жақтастарын алып кетуге және бішкектіктерге бейбіт өмірді қайтаруға шақырды.
Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан Республикасының президенті болып 2017 жылы сайланған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір