• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:34:21
Алматы
+35°

Қытай президенті Си Цзиньпин Қытайдың теңіз суларын қорғайтын теңіз жаяу әскерлері соғысқа дайын болуға және ұрысқа қабілетті болуға, сондай-ақ жоғары дайындықты сақтауға назар аудару керектігін айтқаннан кейін, британиялық "Дэйли Эксресс" басылымы Америка 60 әскери ұшақты Қытай маңына жібергенін хабарлады. 

"Америкалық әскери ұшақтардың кем дегенде 60-ы Қытайдың маңында барлау рейстерін жасады, бұл Вашингтонның болашақта өте тартысты аймақтағы нысандарға қарсы қашықтан шабуылдарын жоспарлауы деген үрей туғызды" деп жазды басылым.

"Оңтүстік Қытай теңізінің стратегиялық ахуалын зондтау туралы бастама" бойынша, АҚШ-тың 41 әскери ұшағы даулы аймақ үстінен өткен.

"Алты әскери ұшақтың Шығыс Қытай теңізінің үстінен ұшып бара жатқаны байқалған, тағы 13 соғыс ұшағы Сары теңіздің үстінен ұшты" делінген дүйсенбіде жарияланған хабарламада.

Баяндамада "АҚШ Оңтүстік Қытай теңізіндегі нысандарға қарсы алыс қашықтықтағы шабуылдарға дайындалып жатыр" деп болжанған.

Хабарламада "АҚШ-қа Гуамнан (Жапониядағы Кадена авиабазасының орнына) жанармай цистерналарын жіберу қалыпты жағдай емес, өйткені мұндай операциялар экономикалық шығынға толы және тиімсіз. Мұндай операциялар, мүмкін, экстремалды жағдайда алыс қашықтыққа жанармай құюға дайындалып жатқандықтың белгісі және бұл үлкен назар аударуға тұрарлық... Бұл Оңтүстік Қытай теңізі аймағы әлі де АҚШ-тың басты назарында екенін көрсетті" делінген.

Хабарламаға сәйкес, Қытай әскери күштері жаттығулар жүргізіп жатқан кезде АҚШ ұшақтары Сары теңіз бен Шығыс Қытай теңізіне ұшқан.

"Онда рейстердің жалпы саны шамамен шілде мен тамыз айларымен шамалас болғанымен, нақты сандар көп болуы мүмкін, өйткені кейбір әскери ұшақтар азаматтық ұшақтардың атын жамылған" деп жазады Лондонда шығатын газет.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір