• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:29:46
Алматы
+35°

Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғындары қонақ үйдің коронавирусқа шалдыққандарды емдейтін клиникаға айналғанына қарсы. Себебі, вирус жұқтырып аламыз ба деп қорқады. Оның үстіне қонақ үй адам көп тұратын жерде орналасқан.

Тұрғындар бас санитардың өзі санитарлық талаптарды орындамай жатқанын, олардың бұл әрекеттердің талапқа да, заңға да сай емес екенін айтады. Қамшы тілшісі ашынған жұрттың базынасын тыңдап, өздерімен сұхбаттасқаннан кейін, мәселеге қатысты Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннен пікір алмақ болды. Басында тұтқаны көтермей, артынша өзі қоңырау шалған бас санитар "тұрғындарға бәрін түсіндірдік, еш мәселе жоқ, дабыра қылып жүрген сендерсіңдер (журналистер) деп дүрсе қоя берген. Артынша, "көр де тұр, ертең коронавирус жұқтырсаң, осы клиникаға жатқызбаймыз" деп тұтқаны қоя салған. Бекшиннің бұнысы қай сасқаны?! Қызметтік этика қайда? Мемлекеттік қызметкерге осы қылық жараса ма? Түсіну қиын...

Гүлім Жарасқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір