• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 00:25:36
Алматы
+12°

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында жаңа қаулы шығарғаны хабарланды.

Қаулыға сәйкес:

  • Отбасылық, салтанатты және естелік (банкеттер, үйлену тойлары, қалыңдықты шығарып салу, мерейтойлар, еске алу) бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады.
  • Мәдени және ойын-сауық сипатындағы түрлі қызметтерді (караоке, кальян, бильярд, түнгі клубтар, боулинг-орталықтар, жабық үй-жайлардағы аттракциондар, фуд-корттар, кинотеатрлар, балалар ойын алаңдары мен батуттар) ұсынатын мәдени-демалыс мекемелерінің, сондай-ақ демалыс күндері азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың жұмысына тыйым салу сақталады.
  • Заңды тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері, олардың ұйымдық-құқықтық нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қызметкерлердің кемінде 30 пайызын қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшіруді қамтамасыз ету қажет (штат кестесі 30 адамнан астам болған кезде).

Сондай-ақ ол қаланың қоғамдық денсаулық басқармасы симптомсыз және жеңіл нысандағы КВИ-мен, сонымен қатар анықталмаған пневмониямен ауыратын науқастарды үйде оқшаулауды, сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қолхат беруді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Құжаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір