16 Қазан, 2020 NEWS

Kaspi bank бөлімшесінен екі миллион теңге тоналды (видео)

Фото: Видеодан скриншот

Алматыда Kaspi банктің бөлімшесіне алаяқтар шабуыл жасады. Болған оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды.

Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға қазанның 15-і күні Алматы қаласындағы Сейфуллин-Гоголь көшелері қиылысындағы кеңседе болған. Бетперде киген екі адам банк бөлімшесіне кешке қарай баса көктеп кіріп, 2 млн теңгені ұрлағаны анықталды.  

Бейнежазбада екі қарақшы банк филиалына баса көктеп кіріп, бірі әйнекті сындырып, кассаға түсіп, ақшаны қалай алып жатқаны көрсетілген. 

Болған жағдайға банк бөлімшесі түсініктеме берді.

"Абырой болғанда қызметкерлердің арасында ешкім зардап шеккен жоқ. Дабыл батырамасы басылғаннан кейін полиция бірден келді" делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігіне (тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысы Алматы қаласының полиция департаменті басшылығының бақылауында.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Дерзкое ограбление банка в Алматы попало на видео. ... #алматы #almaty #ограблениебанка

Публикация от TengriTV (@tengritv)

 

 

 

Ілмек сөздер: Алматы Kaspi банк

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір