16 Қазан, 2020 NEWS

Полицейдің киімін киіп той басқарған асаба кешірім сұрады (видео)

Фото: qamshy.kz

Ішкі істер органдары тойға полицейдің формасын киіп келген асабаның жазаға тартылатынын хабарлады. Бұл туралы Рolisia.kz сайты мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде полицейдің формасын киген асабаның видеосы жарияланған. Бейнежазбада полицейдің киімімен тойға кіріп келген адам көпшілікті үрейлендіріп, артынша әзіл екенін жеткізеді.

Ішкі істер органдары тойдың өткен жерін және бейнежазбадағы асабаның кім екенін анықтап, қылмыстық жазаға тартылатынын айтты.

Қазіргі уақытта полицейдің киімін киген адамды әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабы (айырым белгілері мен нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылып жатыр.

Оқиғадан соң ұзамай той иесі мен асаба әлеуметтік желіде көпшіліктен кешірім сұрады.

– Мен тойдың иесі – Жұмабай Бекановтың ұлымын. Карантин уақытында заңсыз той жасағаным үшін барша Қазақ елінен кешірім сұраймын. Сіздерден мұндай шараны жасамауды сұраймыз. Біз тиісті айыппұлдарды алдық, төлеуге дайынбыз, – деді той иесі.

Полиция киімін киген адам карантин талаптарын сақтауға шақырды.

– Мен өз тарапымнан полицей қызметкерінің киімін кигенде, ол кісілердің қызметтерін, жеке бастарын мазақ қылуды мақсат етпедім. Бұл тек той қонақтарының көңілін көтеру мақсатында жасалды. Сондықтан барша қазақ елінен, басшылық полиция қызметкерлерінен кешірім сұраймын. Карантин уақытында той жасамауларыңызды сұраймын. Менде өз айыппұлымды алдым, төлеуе дайынмын, – деді полиция қызметкерінің киімін киген адам.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

«Я на том тое был в одежде сотрудника полиции, у меня не было цели унизить людей. Хотел только поднять настроение и сделать пранк. Поэтому прошу прощения у всех сотрудников полиции, у всех казахстанцев. Прошу не проводить тои во время карантина. Я тоже оштрафован, готов оплатить», - сказал мужчина. ⠀ Также попросил прощения и сын организатора тоя.

Публикация от Сетевое издание «INTERPOL.KZ» (@interpol_kz)

Ілмек сөздер: полицей Қарағанды

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір