• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:10:19
Алматы
+35°

Фото: Қайырымдылық кезінде түсірілген

Талдықорғандағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында «G-Time corporation» компаниясының ұйымдастыруымен «Денсаулық және сұлулық күні» атты көрме. Шарада аталмыш компанияның химиялық қоспасыз өнімдері көпшілікке таныстырылады. Сонымен қатар, Талдықорған қаласындағы көпбалалы және жағдайы төмен 10 отбасына көмек ретінде азық-түлік және зауыт өнімдері салынған  себеттер үлестірді.

Жиынның ашылу салтанатында сөз алған «G-Time corporation» компаниясының генарьный директоры Дәурен Жұмағұлов:

– G-Time – тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де ең ірі және елеулі корпорациялардың бірі болып табылады. Қазақстандық «G-time corporation» компаниясының «Шұғыла Шунгит»,  "Golden Time Group"  деген зауыттары бар. Бұл зауыттардан денсаулыққа пайдалы әрі бағасы қолжетімді өнімдер шығады.  Өнімдердің  құрамында жоғарғы деңгейлі тазарту және емдік қаситеттерге ие шунгит бар.  Қазіргі таңда осы зауыттардан шығарып отырған дүниелерді инновациялық өнім деп атауға толық негіз бар. Өйткені мұндай өнім дүниежүзінің ешбір елінде жоқ. Қазақстанда  шығып отырған пайдалы заттар әлемнің 82 мемлекеттінде үлкен сұранысқа ие болып отыр, – деді.

16 қазан

Осыдан кейін  аталмыш компанияның тренер-консультант, косметологы Гүлнар Мырзабеова:

– Таза, табиғи отандық өнімді жұртшылыққа таныстыру үшін бүгінгі шараны ұйымдастыруды жөн көрдік. Мақсат – химиялық қоспасыз жасалған отандық өнімнің пайдасын көрсету. Бүгінге дейін біздің компаниядан шыққан сабындар мен түрлі кремдер 33 түрлі тері ауруларына көмектесті. Емдік қасиеті өте мол өнімдеріміз – күнделікті қолданысқа арналған. Ең кереметі – ерлерге, әйелдерге, балаларға деп бөлінбейді. Барлығы қолдана берсе болады, – дей келе шығарылып жатқан өнімдердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, жұртшылыққа пайдасын толықтай тарқатып берді. Сондай-ақ, шараны ұйымдастыруға мұрындық болған облыс әкімдігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне алғысын айтты.

Осыдан кейін компания қызметкерлері тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік пен отандық өнім салынған себеттер таратты. Көмек алған тұрғындар жаны жайсаң жомарт жандарға алғысын айтып, ақжарма тілектерін ақтарды.

Шара барысында тұрғындарға тері құрамын тазалау, массаж жасау, ылғалдылықты толтыру, үйде қол-аяқты қалай күту керектігі сынды бірқатар қызметтер тегін көрсетілді. Иә, шараға жиналған халықтың қарасы өте көп болды. Олар кезек-кезекпен мекемеге кіріп кеңестерін алуда. Айналдырған 2-3 сағаттың өзінде 100-ден астам тұрғынға тегін көмек көрсетілді. Тіпті, «Кетпеңіздер, жұмыстан соң келеміз», – деген жандар көп болды. Ал арнайы қызмет алғандар компания қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.

50-ден астам өнім түрлерін шығаратын кәсіпорында – қол және аяқ кремі, косметикалық бальзамдар, сусабын, душқа арналған гельдер, скрабтар, бет маскалары, денеге арналған лосьондар сынды көптеген кремдерің түрлері бар екен. Сонымен қатар, тері ауруларымен күресуге мүмкіндік беретін сабын өндіріледі. Бұл заттар алдымен зертханаларда, одан кейін өнеркәсіптік сынақтардан өткізіледі. Тек содан кейін ғана жаппай өндіруге және сатуға жіберіледі. Бұл өнімдер тек Қазақстан бойынша ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де таратылады.

Айдар ҚАЛИЕВ

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алматы облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір