• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:10:53
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Алматы облыстарында карантин режимі күшейтіледі. Бұл туралы облыстардың бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева карантинді күшейтуге қатысты қаулы шығарды.

Ол адамдар көп болатын уақыттарда автобус санын ұлғайтып, қоғамдық көлікте барлық есікті ашуды тапсырды. Жексенбіде автобустар жүрмейді, жұмыс күндері таңғы 6.00-ден 23.00-ге дейін қатынайды.

Елорданың бас санитар дәрігері 65 жастан асқан тұрғындарға кітапхана, театр және музейлерге баруға тыйым салды. Театрларға спектакльдерге баратындар саны бір уақытта 50 адамнан аспауға тиіс. 

Ал Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Юрий Залыгин 19 қазаннан бастап карантин күшейтілетінін хабарлады.

"19 қазан сағат 00:00-ден бастап облыс аумағында санитар бекеттері қойылады" делінген хабарламада.

Ол карантин режимінің күшейтілуі көрші өңірлерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуымен байланысты екенін атап өтті.

Сондай-ақ 65 жастан асқан тұрғындарға мүмкіндігінше үйде отыру қажет. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар жетекшілеріне қызметкерлердің 50 процентін қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылды (30-дан астам қызметкер болса).

Өнеркәсіптік кәсіпорындар, автовокзалдар мен автостанцияларда смарт бейнебақылауы бар тепловизерлер болуы керек екені айтылды.

Шығыс Қазақстан облысында 17 қазан - 31 қазан аралығында карантин күшейтіледі.

Бұл туралы өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Гуляим Тағаева мәлімдеді.

Қаулыға сәйкес, адам көп жиналатын, отбасылық шараларды өткізуге, аудандар мен облыс ішіндегі қалалар арасындағы автобустар қатынауына салынған тыйым сақталады.

Павлодар облысында карантин шаралары 18 қазаннан бастап күшейтіледі. Бұл туралы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері мәлімдеді.

Қаулыға сәйкес:

  • Құжатта ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану орындарына (ашық ауада қызмет көрсетуді қоспағанда) сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Бұл ретте, нысанның толымдылығы 30 орыннан аспауы, әлеуметтік ара қашықтық және үстелдер арасындағы 2 метр қашықтық, бір үстел басына 4-6 адамнан отырғызу талаптары сақталуы тиіс.
  • Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, және басқа да іс-шараларға тыйым салынады.
  • Азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін ғана рұқсат беріледі.
  • Фитнес-орталықтардың, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметтері 30 пайыздық толымдылықпен сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.
  • Сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмыс уақыты сағат 18.00-ге дейін ғана болады.

Ал, 16 қазаннан бастап Ақмола облысында карантин күшейтілді.

Қаулыға сәйкес: 

  • 65 жастан асқан азаматтардың далаға шығуына шектеу енгізілді; түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді (өңірдің көшелерінде жүру);
  • демалыс күндері автобустардың жүруіне тыйым салынды;
  • такси екі адамнан артық тасымалдамауы тиіс;
  • саябақ, скверлерде 3 адамнан артық топ болып жүруге болмайды;
  • аумағы 1000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, сауда, ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес дүкендердің жұмысы шектеледі. Жұмыс күндері сағат 19:00-ге дейін ашық болса, демалыс және мереке күндері жабық болады;
  • жұмыс күндері азық-түлік дүкендері мен жабық базарлардың жұмыс уақыты 17:00 дейін шектеледі. Демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді;
  • азық-түлік дүкендері мен мейрамханалардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгіленді;
  • қоғамдық тамақтану орындары 30 келуші немесе сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс;
  • мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі;
  • ХҚО жұмыс кестесі шектеледі;
  • фитнес-орталықтар сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс;
  • 5-тен 180-ге дейін оқушысы бар мектептерге сыныпта баланың санын 15-тен асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • пошталар сағат 14:00 дейін ғана жұмыс істейді.

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Е. Сыдыманов облыста карантин шараларын күшейтетін жаңа қаулысын шығарды.

Қаулыға сәйкес:

  • 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану орындары (мейрамхана, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, асханалар,  донер, барлар);
  • Барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарда 15 адамнан аспауы тиіс;
  • Ойын-сауық нысандары (түнгі клубтар, кальянханалар, барлар, букмекерлік, көрмелер, бильярд, караоке, квестер, лото, компьютерлік клубтар т.б)
  • Қоғамдық көліктердің тасымалдау қызметі 10:00-17:00 дейін кестеге сәйкес, сағат 6:00-10:00 дейін және сағат 17:00-20:00 дейін 5 минуттан аспайтын рейсаралық интервалмен;
  • 65 жастан асқан азаматтарға көшеге шығуға тыйым салынады.

Қаулының толық мәтіні мына сілтемеде

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір