• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:58:25
Алматы
+12°

Қазақстандық дизайнер Сәбит Сыраханның  (Сәбит Bisen-нің) өліміне қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді. Полицияға 18 қазанда түнгі уақытта қоңырау келіп түскен, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

– "102" пультіне қоңырау шалған адамның айтуынша, үйдің ауласында белгісіз ер адамдар бастапқыда дауласып, артынша төбелескен. Нәтижесінде олардың біреуі құлап, екіншісі қылмыс орнынан жасырынуға тырысқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер тобы адамның өлімін тіркеді. Оның аты-жөні бірден анықталды, ол 1989 жылғы Б есімді ер адам, – деді полиция департаментіндегілер.

Қылмысты жасады деген күдікпен 1991 жылғы ер адам ұсталды. Полиция мәліметінше, күдікті қылмыс жасағанын мойындаған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі ("Кісі өлтіру") бойынша тергеп жатыр. Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

18 қазанда қазақстандық дизайнер Сәбит Сыраханның қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Сәбит Сырахан – танымал streetwear-брендінің дизайнері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір