• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:34:25
Алматы
+35°

Сол жақта Д.Тұяқов, оң жақта М.Қаратаев. Фото: qamshy.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің екі орынбасарын тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады.

Презиедент өкімімен Дарын Тұяқов пен Мұхамеджан Таласов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасарлары болып тағайындалды. 

 

Дарын Тұяқов 1969 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1990 жылы Әуе қорғанысы радиотехникалық әскерлерінің жеке радиолокациялық ротасы командирінің орынбасары болып бастаған. Қорғаныс министрлігінде, әділет министрлігінде, Алматыдағы коммерциялық құрылымдарда және "Қазақтелеком" АҚ-да жұмыс істеді, "Қазақтелеком" АҚ бас директоры – штаб бастығы қызметтерін атқарды.

2018 жылы Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды.

2019 жылдан бастап ол цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды.

Ал Мұхамеджан Таласов 1967 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Ол өзінің еңбек жолын қарулы армияның КЭО-да техникалық қадағалау және жөндеу инженері ретінде бастады. Ол сонымен қатар бас инженер – бастықтың орынбасары, КЭК бастығы болып жұмыс істеді (1992-2001). 2004-2007 жылдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қаржы-экономикалық басқармасы бастығының орынбасары, бастығы лауазымдарын атқарды. 2010-2013 жылдары ол Қарулы Күштердің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2013-2017 жылдар аралығында Бас штаб бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап ол Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабының бастығы қызметін атқарды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір