• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:17:12
Алматы
+35°

Алматы қаласының бас дәрігері Камалжан Надыров қызметінен кетті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Камалжан Надыров ағымдағы маусым айынан бастап Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымында болды. Өзінің жеке өтініші бойынша К. Надыров бұл қызметтен босатылды" делінген ақпараттық хабарламада.

Надыров 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С. Асфендияров атындағы қазақ мемлекеттік медициналық университетін, Тұран университетін, қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебін тәмамдаған.

2007–2014 жылдары Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір