Коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Қостанай облысында шектеулі шаралар енгізіледі. Бқл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырында айтты.

Жедел штаб  тарапынан төмендегідей шешімдер қабылданды.

  1. Күнделікті шектеулер:

– қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимін 23 сағатқа дейін қысқарту, залда 30 орыннан аспайтын орын орнату;

– ашық ауада аттракциондардың жұмысын тоқтата тұру;

  1. Демалыс күндеріндегі шектеулер:

–  қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салу;

– ауданы 2000 шаршы метрден астам сауда объектілерінің, азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;

– азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұру;

– азық-түлік емес тауарлардың бөлшек сауда объектілерінің жұмыс режимін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу;

– фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;

– қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру;

Шектеулер 20 қазан сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Ілмек сөздер: карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір