• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:01:50
Алматы
+35°

Баласын миллион теңгеге сатпақ болған Шымкент қаласының тұрғынына сот үкімі шықты, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелді қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігінің 12-тармағы "кәмелетке толмағандарды саудалау" бойынша кінәлі деп танып, оны алты жылға бас бостандығынан айырды.

Оқиға биылғы 11 қаңтарда болған. 1993 жылы туған қыз баласын жергілікті тұрғынға 1 000 000 теңгеге сатып жатқан кезде ұсталған. Тергеу барысында әйел кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетінін жеткізген.

20 наурызда қылмыстық іс бойынша жиналған құжаттар айыптау қорытындысымен сотқа жіберілген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ана бала шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір