20 Қазан, 2020 NEWS
Фото: azattyq-ruhy.kz
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин азаматтрадың кредитін кешіруге байланысты депутаттар сауалына жауап берді.
"Кредит рақымшылығын енгізу туралы ұсыныс барлық қарыздар бойынша міндеттеменің жаппай орындалмауына алып келеді. Бұл банк жүйесінің қаржы тұрақтылығына, банктердің салымшылар мен басқа да клиенттер алдындағы өз міндетін орындауына қатер төндіреді. Осыған байланысты бұл ұсыныс қолдау таппайды" деп жазды Асқар Мамин.
>> Оқи отырыңыздар: "Кредит беру жеңілдетілуі керек". Тоқаевқа кредитті жеңілдету ұсынылды
Премьер-министр кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бірнеше шаралардың қабылданғанын атап өтті.
"Жалпы банктер несие беруді бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырады. Үлесі 78 пайызды құрайтын депозиттер банктерді қорландырудың негізгі көзі болып табылады. Несиелендіруді ынталандыру және кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекет бірқатар шаралар қабылдады" делінген депутаттарға берілген жауапта.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір