• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 21:22:48
Алматы
+12°

Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері мектептер мен балабақшалардың жылы дәретханалармен қамтамасыз етілуі бойынша мониторинг жүргізді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

– Бұл балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне байланысты мәселе болғандықтан, мұндай маңызды сұрақты "ұсақ мәселе" деп қарастыруға болмайды. Өткен жылы еліміз бойынша 2700 мектепте жылы дәретхана болмаса, бүгінгі таңда 2456 мектепте жылы дәретхана салынды. Бұл ретте сапа мәселесін де назардан тыс қалдырмағанымыз абзал. Мектептерде дәретханаларды іске қосып, бірақ оларды жауып қойып, оқушылар даладағы дәретханаларға барып жүретін жағдайға жол бермеуіміз керек. Облыстық білім басқармаларының басшылары бұл мәселені қатаң бақылауға алуға тиіс, – деді министр.

Оның сөзінше қазіргі уақытта ел бойынша 6971 мемлекеттік мектеп жылы дәретханалармен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ ол мектептердің 99%-ы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған және 2018 жылы бұл көрсеткіш тек 75%-ды құрағанын атап өтті.

– Білім беру ұйымдарын бейнебақылау камераларымен қамту мәселесі де маңызды. Бүгінгі таңда камералармен қамту көрсеткіші 99 пайызға жетіп отыр. Дегенмен атқарылған жұмыстың саны емес, сапасы маңыздырақ. Білім және ғылым министрлігі мен ішкі істер министрлігінің бұйрықтарына сәйкес білім беру ұйымдарын бейнекамералармен қамту бойынша нақты талаптар қойылған. Орнатылған бейнебақылау камерелары барлық талаптарға сай болуға тиіс, – деді Асхат Аймағамбетов.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір