• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:14:18
Алматы
+12°

Ұлттық кеңестің кезекті IV отырысында "Талбесік" көпбалалы аналар қозғалысының жетекшісі Ләззат Қожахметова көпбалалы отбасыларға арзан, қолжетімді үй берілуін сұрады.

– Көпбалалы отбасыларға берілетін қайтарымсыз гранттардың көбейгенін қалаймыз. Бұдан бөлек ауыл тұрғындарына берілетін 6 пайыздық несие бар. 6 млн теңге кредитті алу үшін басыңда бірнеше баспанаң, не үлкен жайылымдық жерің болуы керек. Осы ретте ауыл тұрғындарына кредит берудің шарттарын жеңілдетіп, бағалайтын мүлік құнын жоғарылатуды сұраймыз, – деді ол.

Ләззат Қожахметова үй кезегінің мәліметтері ашық жарияланатын республикалық сайттың болуы керегін айтты.

– Тұрғын үй саясаты саласында бір мезетте жеті мемлекеттік оператор жұмыс істейді екен. Өкінішке қарай, тұрғын үй кезегінде тұрған адамдардың тізімін ашық жариялап көрсететін республикалық сайт жоқ. "Кім кезектен үй алды? Өз кезегімен алды ма? Жемқорлық фактілері орын алмады ма?" деген сұрақтардың жауабы сайтта ашық көрініп тұруы керек. Былтыр үй алғандар әлі кезекте тұр, кезек жаңармай жатыр деген секілді мәселелер бар.

30 мыңға жуық көпбалалы отбасы үй кезегінде тұр екен. Оларға арендалық баспана береді. Бірақ ол мұраға қалмайтындықтан, халық ипотека алады. Мемлекеттік "7-20-25" және "5-10-20" деген бағдарламалар бар. Бірақ бұл бағдарламалармен үй алудың өз қиындығы бар. Мәселен, тек жаңа үйлерге ипотека беріледі. Ал ол үйлердің бағасы қымбат: бір үйдің бағасы 15 млн теңге тұрады. 4-5 баласы бар отбасыға бір бөлмелі пәтерді 20 жылға ипотекаға алу тиімсіз. Жаңа үйлердің бағасы қымбат, арзан үйлер жыл соңына дейін тапсырылып бітпейді. Бізден ұсыныс: "5-10-20" бағдарламасы бойынша арзан, жөндеу жұмысы және мүлігі бар үйлердің берілуін сұраймыз, – деді Қожахметова.

>>ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: 

Кредит кешірілетіні рас па? Мамин жауап берді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір