• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:11:08
Алматы
+35°

Атырау қаласының 22 жастағы тұрғыны Instagram парақшасында теолог Ибн әл-Джавзидің идеяларын насихаттайтын аудио және видео материал жариялағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы polisnews.kz сайты хабарлады. 

Діни сараптаманың қорытындысына сәйкес, жазбалардың мазмұнын Қазақстанда қолдануға және таратуға тыйым салынғаны анықталды. Осыған байланысты жас жігіт әкімшілік кодекстің 453-бабын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Кейіннен сот бұйрығымен оған 55 560 теңге айыппұл салынды (20 АЕК), ал әлеуметтік желідегі парақша жабылды.

Сонымен қатар, жақында Атырауда тағы төрт азамат әкімшілік кодекстің осы бабы бойынша жауапқа тартылған. Мысалы, олардың біреуі Египетте теологиялық сипаттағы күмәнді оқу орнында оқып, кейін дәстүрлі емес исламның белгілі идеологтарының уағыздарын "ВКонтакте" парақшасында орналастыра бастаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Атырау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір