• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:22:52
Алматы
+35°

Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армения қарулы күштерін бейбіт тұрғындар тұратын аудандарға үш баллистикалық зымыран жіберді деп айыптады.

"Армения қарулы қүштері шамамен 07:00-де Сиязан ауданы бағытында 3 зымыран, шамамен 09:00-де Габала ауданы бойынша екі зымыран және Күрдамир ауданы бойынша бір зымыран ұшырды.

Армения қарулы күштері бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымды көздеген" делінген Әзербайжан қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Бұл ақпаратты Армения қорғаныс министрлігінің ресми өкілі жоққа шығарды. 

"Бұл мәлімдеме Әзербайжанның тағы бір арандатуы, олар Арменияны соғыс қимылдарына тартуды мақсат етіп отыр" делінген ресми өкіл Арцрун Ованнисянның хабарламасында.

Таулы Карабахтағы жағдай 27 қыркүйекте шиеленісе түскен еді. Аймақта екі рет атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгеніне қарамастан, Армения және Әзербайжан қарулы күштері арасындағы қақтығыс ауық-ауық қайталанып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір