Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларға елінің аянышпен қарап, алаңдайтынын, бірақ процеске араласпайтынын айтты. Бұл туралы ол 22 қазанда "Валдай" клубының кезекті отырысында мәлімдеді.

"Ол жақты қырсық шалды, бұл – қырғыз халқына жабысқан бәле. Сайлау болса, төңкеріс болады" деді Путин. 

Путиннің пікірінше, сырттан жасалған кез келген абайсыз қимыл "жас" мемлекеттердің "жаңадан қалыптасып келе жатқан нәзік егемендік институты мен мемлекеттігіне" нұқсан келтіреді.

– Адамдардың өздеріне қоғам ішінен осы қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік беруікерек.

Әрине, ол жақта болып жатқан оқиғаларға аяныш білдірмей, алаңдамай қарау мүмкін емес. Бірақ біз араласпаймыз. Біз жекелеген саяси күштерді қолдамаймыз, ақыл-кеңесімізді тықпалап, араласпаймыз. Қырғызстанда жағдай қалыпқа келеді, мемлекет аяғынан тік тұрып, дүрілдеп дамиды, ара қатынасымыз жақсы күйде қалады деп үміттенеміз, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: путин қырғызстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір