• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:54:54
Алматы
+35°

Қазақстандық қоғамда дауларды негізінен сот арқылы реттеу кең таралғанын талдау нәтижелері көрсетіп отыр. Бұл азаматтар мен соттар үшін үлкен мәселеге айналуда, тараптар уақыты мен қаражатын жоғалтып, сот жүйесін ауырлатады. Статистика бойынша сотқа дейінгі реттеу үлесі 2%-дан аспайды. 2019 жылы 2,6 млн даудың 40 мыңы медиация арқылы шешілді. Бұл туралы ҚР президенті жанындағы орталық коммуникация қызметі хабарлады. 

– Осыған байланысты, Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқандай «соттан тыс» және «сотқа дейінгі» дауларды реттеу институттарын дамыту қажет. Бұл өз кезегінде азаматтар арасында жанжалды ушықтырмай, жүйке тоздырмай,уақыт пен қаржыны шығындамай жылдам шешуге мүмкіндік береді, – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Президенттің халыққа Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру жөніндегі баспасөз конференциясы барысында.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі медиация мәселесінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Швейцария сияқты алдыңғы қатарлы елдердің үздік дәстүрлеріне сүйенуге ниетті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Аида Балаева

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір