• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:10:46
Алматы
+35°

Фото: Мәулен Әшімбаевтың facebook парақшасынан

ҚР сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов жатқан ауруханаға арнайы барып, қаламгердің көңілін сұрады. Бұл туралы ол facebook парақшасында хабарлады.
 
"Әбекеңнің денсаулығы жаман емес. Дегенмен, соңғы кезде болған қайғылы жағдай ағамызға ауыр тигені анық. Ажар апамыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын.
 
Осыдан бірнеше күн бұрын ағамыз 96 жасқа толды. Жалпы, Әбдіжәміл аға маған қажыр-қайрат пен ерік-жігердің символындай көрінеді. ХХ ғасырда халқымыздың басынан небір қиындықтар өтті. Соның бәрі Әбекеңе де аз зардабын тигізген жоқ. Соғыс жылдарында ағамыз қан майданның қақ ортасында жүрді. Одан кейінгі қиындықтарды да көрді.
 
Қайсарлық пен қажырлықтың озық үлгісін көрсетіп, әдебиетке аянбай еңбек етті. Мәдениетіміз бен руханиятымызға өлшеусіз үлес қосты. Қазақ әдебиетінің нағыз классигіне айналды.
 
Кейде Әбдіжәміл ағаға қарап, халқымыздың өткен ғасырдағы шежіресін көргендей боламын. Шын мәнінде, Әбекеңнің өзі де, сөзі де, жазған дүниесі де тарих.
 
Соңына мол мұра қалдырып, ғасырмен, уақытпен өз есебін тапқан, қазақ әдебиетінің алыбы әрі абызы болған Әбекеңе мықты денсаулық, амандық тілейміз.
 
Жасай беріңіз, ардақты Әбе!" делінген сенат төрағасының жазбасында.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір