• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:09:18
Алматы
+35°

Фото: Мұхамеджан Тазабектің facebook парақшасынан

Ақын Мұхамеджан Тазабек "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы эфирінен көрсетіліп жүрген "Тәлім Trend" бағдарламасына қарсы адамдар шын мәнінде көп емес екенін айтты.

Оның сөзінше, бағдарлама төңірегіндегі шу қолдан жасалған, адамдардың топшылауынан туған.

Ақын әлеуметтік зерттеулер көрерменнің 10 пайызы белгілі бір өнімді жақсы көрсе, тағы 10 пайызы ұнатпауы мүмкін екенін, қалған 80 пайыз екі тараптың бірінің пікіріне қосылып кететінін көрсеткенін атап өтті.

 

– "Тәлім Trend" бағдарламасын 100 мыңдаған адам қолдап отыр. Ал қарсы шығушылар 1 пайыз ғана, –  деген ол бағдарламада дін тақырыбы көтерілмейтінін, өзін дін адамы емес, ақын, қоғам қайраткері деп санайтынын айтты.

 

Сондай-ақ ол бағдарламаны ұлттық арнадан көрсету ойы телеарнаны қазіргі президент кеңесшісі Ерлан Карин басқарып тұрған уақытта туғанын, белгілі себептермен жоба кейінгі қалып, ойды жүзеге асырудың орайы енді келіп жатқанын жеткізді.

Бұған дейін Qamshy.kz порталы "Qazaqstan арнасынан Тазабектің "Тәлім" беруін қолдайсыз ба?" атты сауалнама жүргізген. Сауалнама нәтижесі бойынша қатысқандардың 88,7 пайызы бағдарламаға қарсылықтарын білдірген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір