• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:48:41
Алматы
+35°

2 қараша күні "Алматы" телеарнасында "Өткінші жаңбыр" атты жаңа телехикая көрермендерге жол тартады, деп хабарлайды Қамшы тілшісі.

Түсірілім тобының айтуынша, «Өткінші жаңбыр» хикаясы тағдыр тәлкегімен Алматыда кездесіп, жақын дос болып, ортақ іс ашатын екі түрлі әйелдің тағдыры мен олардың армандары туралы баяндайды. Сол уақыт аралығында олар өзгереді, жеке тұлға ретінде өседі, қиындықтарды жеңіп, табысқа жетеді. Бұл өмірде бәрі мүмкін екенін дәлелдейді.

Телехикаяның режиссері – Дархан Саркенов. Басты рөлдерде Алмат Сақатов, Нұргүл Мыңғатова және Салтанат Бақаева секілді әртістер ойнаған.

Нұргүл Мыңғатова, актриса:

Бұл жобаның продюсері фильмнің басты идеясын түсіндіріп, менің кейіпкерімнің мінезі жайлы айтып берді. Рөль өз басыма ұнады. Шынымен де әйел адамдардың басынан өтетін проблема көп. Сол үшін ол жан-жақты болуы керек. Яғни, үйдің де жұмысына көңіл бөлу, сыртта да өзінің оқыған мамандығымен жұмыс істеу. Білесіздер ғой, қазақтарда әйел үйде отыру керек, үй шаруасына қарауы керек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуі керек. Бірақ та қазір заман талабы басқа. Әйел адамдардың көбі бәріне үлгереді. Менің кейіпкерім жан-жақты болуы үшін барын салмақ.  4 баласы бар, жағдайы бәрі жақсы. Тек өзінің жеке кәсібін ашқысы келеді. Адамдармен араласып, танымын кеңейтуге тырысады. Сол жолда алдынан көптеген кедергілер шығады. Әйел адам қырық жанды дейді ғой, оның бәрін түбінде жеңіп, өмірінде отбасы мен жұмыстың арасында тепе-теңдік орнайды. Кейіпкерімнің болмысы маған ұнады.

Телехикая таныстырылымынан

Алмат Сақатов, актер:

Бұл жоба – өте керек жоба. Өйткені отан – ошақтан басталады. Ерлі-зайыптылар арасында не болмайды. Бірігіп, отбасы беріктігі үшін атсалысу өте маңызды. Балаларды аяққа тұрғызып, адам ету де үлкен жауапкершілік. Жұмыс деп жүріп, отбасына көңіл бөле алмай немесе жұмыстарды ысырып қойып, тек отбасының қасында болып жатамыз. Қарап отырсақ, тепе-теңдікті ұстап тұру өте қиын. Осы және отбасында болатын өзге де мәселелер қозғалады. Сериалдың аты маған ұнайды. Өйткені өмірдің бәрі өткінші, әр сәт бағалы.

Айкерім  Самалбекқызы, продюссер:

Телехикаяның «Өткінші жаңбыр» деп аталу себебі, кез-келген отбасында, адамда пенде болғаннан кейін қандай да бір мәселелер, проблемалар, қиындықтар болады. Сол өткінші жаңбыр сияқты өтеді де кетеді. Ең басты құндылықтар ол отбасы бала-шаға, сыйластық, достық, туыстық қарым-қатынас мәңгі қалады. Телехикаяның негізгі идеясы, көрерменге жеткізер ой осы болатын. Сондықтан телехикая «Өткінші жаңбыр» деп аталады.

Телехикая таныстырылымынан

Телехикая Алматы қаласының "Бақытты отбасы", "Еңбек", "Іскер ана", "Бастау бизнес" сияқты әлеуметтік жобаларын іске асырып, сондай-ақ шетсіз қала тұжырымдамасын алға қояды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір