• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:59:44
Алматы
+35°

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти – Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласының имамдарымен кездесті. Бұл туралы ҚМДБ ресми сайты muftyat.kz хабарлады. 

Наурызбай қажы Алматы қаласына сапары барысында қала имамдарымен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады. Басқосуға ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай мен Орталық мешіттің дін қызметкерлері және аудандардың бас имамдары қатысты.

Бірінші кезекте Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай қаладағы діни ахуал туралы баяндап, пандемия кезіндегі дін қызметкерлерінің атқарған жұмысы мен қайырымдылық шаралары, сондай-ақ, Діни басқарманың 30 жылдығына орай жоспарланған іс-шаралардың қалай жүзеге асып жатқандығы жөнінде есеп берді.

Ал Бас мүфти имамдарға дін қызметкерінің қазіргі таңдағы имиджіне баса мән беру керектігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар имамдарды жамағатпен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болуға үндеп, мешіттердегі уағыз-насихат және жат ағым ерушілеріне түсіндіру жұмыстарын жандандыруға нақты тапсырмалар берді.

Оқи отырыңыз  

Қайрат Жолдыбай: Мүфти болу үшін орындайтын шарттар бар, мен ол жолды таңдаған жоқпын

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бас мүфти

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір