• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:53:20
Алматы
+12°

Франция президенті Эммануэль Макрон Ислам дініне қатысты карикатура мен сызбалардан бас тартпайтыны туралы мәлімдеме жасады. Егер Макрон позициясын өзгертпесе, Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров  отставкаға кетуге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы ru.euronews.com хабарлады. 

Кадыров өзінің telegramm парақшасында Макронның әрекетіне қатысты жазба жариялады. Ол Франция басшысын "мұсылмандарды қылмыс жасауға үгіттейді" деп наразылық білдірді. Сондай-ақ Кадыров Макронды діни шабуылдар мен арандатушылық әрекеттерді  кеш болмай тұрып тоқтатуға шақырды.

Француз билігіне саясаткер ретінде емес, мұсылман ретінде пікір білдіргенімді ескеру қажет. Дінімді шексіз сүйетін және қасиетті Құран мен Сүннеттің барлық шарттарын қатаң сақтайтын адам ретіндегі құқығымды ескере отырып, Макрон туралы бұрынғы сөздерімді мың рет қайталауға дайынмын. Қажет болса, мен отставкаға кетуге, азап шегуге немесе өз өмірімді беруге дайынмын! Бірақ дінсіздердің дінді мазақ етіп отырғанына үнсіз қарап отыра алмаймын, – деді Кадыров.

Айта кетейік,  шетелдік БАҚ құралдарының мәліметінше, исламдық радикалды топтың мүшесі мектеп оқушыларына "сөз еркіндігі" сабағында француздық Charlie Hebdo сатиралық басылымында жарияланған Мұхаммед пайғамбардың карикатураларын көрсеткен мұғалімнің басын кесіп тастаған. Франция президенті бұл оқиғаны терракт деп бағалып, сол мұғалімді  еске алып, аза тұту рәсіміне қатысты. Сонда  Макрон  сөз сөйлеп, Франция мұсылмандар кеңесімен бірге "ағартушылық исламды" құруға көмектесетін ұйым құру керектігін айтты. Оның пікірінше, бұл дінді "шетелдіктердің ықпалынан босатып, мешіттердің қаржыландырылуына бақылауды күшейту керек". Сондай-ақ Макрон  карикатура мен сызбалардан бас тартпайтынын баса айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір