• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:46:31
Алматы
+35°

UFC-ге шыққан алғашқы қазақ (Ресей азаматы) Дамир Исмағұлов Хабиб Нурмагомедовтің спорттық мансабын аяқтау туралы шешіміне пікір білдірді. Оның айтуынша, Хабибті ақшамен немесе PR-мен қайтару қиын.

–  UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов осы спортта қолдан келгеннің бәрін жасады, оның рекордын жаңарту қиын болады. Хабиб өзін тарихта керемет спортшы ретінде жазды, мансабын осындай әдемі нотада аяқтады. Біз одан тек үлгі аламыз, – деді Д.Исмағулов.

Хабиб Нурмагомедов мансабын аяқтау туралы шешімін америкалық Джастин Гетхемен жекпе-жекте жеңіске жеткеннен кейін жариялаған. Бұл жекпе-жек 24 қазаннан 25 қазанға қараған түні Абу-Дабиде өткен UFC 254 турнирінің басты оқиғасы болды.

Карьерасын 29-0 есебімен аяқтаған ресейлік файтердің жеңісінен кейін Нурмагомедовтың хейтерлері түрлі әңгіме таратып жатыр. Бірі жекпе-жектің сатып алынғаны туралы айтса, енді бірі Хабиб Тони Фергюсонмен кездеспеу үшін карьерасын аяқтағанына сенімді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Хабиб Нурмагомедов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір