Бүгін Қазақстан саяси зерттеулер қауымдастығы Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Рашад Мамедовпен кездесу ұйымдастырды.

Шараға Қазақстан саяси зерттеулер қауымдастығының президенті Есенжол Алияров, "Qamshy.kz" ақпарат агенттігінің жетекшісі Біләл Қуаныш, "Abai.kz" ақпараттық порталының бас редакторы Нұргелді Усбанов, саясаттанушылар Расул Жұмалы, Ислам Кураев, Қазбек Бейсебаев, Асхат Қасенғали, Абен Даурен, Шыңғыс Айнаболов қатысты.

Жиында модератор болған белгілі саясаттанушы Айдос Сарым шара Таулы Қарабахтағы қақтығысқа байланысты нақты әрі сенімді ақпаратты тікелей сол елдің өкілінен алу үшін ұйымдастырылғанын жеткізді.

 – Әзербайжан – біз үшін бауырлас ел. Таулы Қарабахтағы жағдай төңірегінде әлемде түрлі-түрлі ақпараттық шабуыл жасалып жатыр. Ақпаратты тікелей алу мүмкіндігін қарастырғымыз келді. Сол себепті Әзербайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесу өткізу туралы ұсынысымызды Рашад Мамадов мырза қабыл алды. Бүгінгі шарада жабық тақырып жоқ, елші мырза барлық сұраққа жауап береді, – деді саясаттанушы Айдос Сарым.

Модератордан кейін сөз алған елші алдымен қолдау білдіріп жатқан бауырлас Қазақстан еліне алғысын білдірді. Артынша, Әзербайжанның тарихын баяндап, елдің аумақтық ерекшеліктері мен территориясы жайлы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынды.  Оның айтуынша, Әзербайжан халқы Таулы Карабахтан айырылып қалып, 30 жыл бойы ұятқа қалып келеді. 

Біздің елімізді айыптап жатқан елдер бірде-бір дәлел көрсете алмай жатады. Францияның президенті Макронның "Әзербайжанда орта шығыстан келген жалдамалылар соғысып жатыр" деп мәлімдеді. Біздің президент Макрон сөзіне жауап беретіні немесе кешірім сұрайтыны жайлы хабарлаған болатын. Сол күні телефон арқылы сөйлесіп келісімге келді. Әзербайжан – өз экономикасына 250 миллиард доллар құйған ел. Бұл қыруар қаржы. Аумағы бізден 36 есе көп Қазақстанның өзі тәуелсіздік алғаннан бері экономикасына 300 миллиард доллар құйған. Айтқым келгені, Әзербайжан – посткеңестік елдердің ішіндегі тәуелсіз саясат жүргізетін жалғыз ел, – деді елші.

Гүлім Жарасқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір