Түркияда 6,6 балдық жер сілкінісі болды

/image/2020/10/30/crop-50_14_511x681_1a064162-09cd-4792-964e-5d2f20306f76.jpeg

Түркияның батысында жұма күні 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлады.

Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың мәліметінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51-де 16,5 шақырым тереңдікте Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында басталған. 

Қазіргі уақытта 120-ға жуық адам жер сілкінісінен жарақат алып, 4 адам қайтыс болғаны хабарланды.

Түркия ІІМ хабарлауынша, зілзала салдарынан Измир қаласының Борнова және Байраклы аудандарында алты тұрғын үй қираған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар