01 Қараша, 2020 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында карантин режимі күшейтілді. Бұл туралы облыстардың бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында ішкі әуе және теміржол қатынастарында коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер С. Байғабыловтың қаулысы жарияланды.
Қаулы 2020 жылдың 2 қарашасында сағат 00:00 күшіне енеді.
Қаулыға сәйкес:
- Өскемен қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына және қайта, Алматы, Шымкент қалаларына ішкі авиарейстер қысқартылады;
- Нұр-Сұлтан – Өскемен бағыты бойынша теміржол қатынасы қысқартылады;
- Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын мерзімге теріс нәтижесі бар Сovid-19-ға ПТР әдісімен тестілеуден өткені туралы анықтамасы болмаса, жолаушыларды (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеу;
- Әуе кемесінің бортында жолаушылар мен экипажға арналған жеке қорғаныш құралдарының (маскалар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының болуын;
- Әуе кемесінің бортында ұшу кезінде жолаушылардың орын ауыстыруын, олардың дәретханаларда жиналуын шектеу және олардың бетперде режимін сақтауын;
- теміржол вокзалы ғимаратына күтіп алушы және шығарып салушы адамдарды кіргізбеуге жол бермеуді;
- билет болған кезде және жеке қорғану құралдарында (бетперде) жолаушыларға рұқсат беруді;
- келетін және кететін жолаушыларға арналған жеке дәліздерді;
- қауіпсіздік қызметінің вокзал ғимаратына кіру кезінде барлық адамдарды байланыссыз термометрия жүргізуді;
- адамдар көп жиналатын жерлерде (кіру және шығу аймағында, кассалық аймақта, күту залында) әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін еден таңбаларының, қоршаулардың және тосқауыл таспалардың болуын;
- ғимаратқа кіре берісте, кіру және шығу аймағында, кассалық аймақта, күту залында маска кию міндеттілігі туралы көрнекі ақпараттың болуын;
- тамақтану орындарында жеке қорғаныш құралдары (маскалар мен қолғаптар) болған кезде қызметкерлерді жұмысқа шығару;
- жұмыс басталғанға дейін дене температурасын өлшей отырып, ауру симптомдарының болуына қызметкерлерді тексеруді;
- объектіде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін.
Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері А.Абдикаимованың карантинді күшейтуге қатысты қаулысына сәйкес тыйым салынады:
- 7 шiлдедегi Кодексінің 110-бабының 5-тармағына сәйкес кальянды пайдалануға;
- ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
- кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;
- фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне;
- қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің қызметіне;
- балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне;
- спортшылардың Қазақстаннан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына;
Қаулының толық мәтіні мына сілтемеде
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің "Бұқар жырау ауданының Центральное селолық округының Центральное ауылында карантин режимін күшейту туралы" 2020 жылғы 17 қазандағы N24 қаулысына келесідей өзгерістер және толықтырулар енгізілді:
- Блок бекеттер санитарлық бекеттер етіп өзгертілді;
- Ауру жұқтырғандарды және жақын қарым-қатынаста болған адамдарды қоспағанда, карантин аймағынан/аймағына кіріп/шығуға қойылған тыйым алынды;
- Басқа тыйымдар өз күшінде қалды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір