• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:30:07
Алматы
+35°

Бүгін Түркияның төтенше жағдайлар басқармасы Измир провинциясындағы жер сілкінісі құрбандарының саны 79 адамға жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы tass.ru сайты хабарлады.

"Біздің 79 азаматымыз қаза тапты. 962 адам жарақат алып, оның 743-і ауруханадан шығарылды. Қазіргі уақытта 219 адам қажетті ем алып жатыр" делінген ведомство таратқан хабарламада.

30 қазан күні Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында 16,5 шақырым тереңдікте жергілікті уақытпен 14.51-де жерасты дүмпуі басталған. Кеше төтенше жағдайлар басқармасы 76 адамның қайтыс болғанын хабарлаған.

Жер сілкінісі салдарынан Измирде, кем дегенде 20 үй құлаған. Грекияның Нион-Карловаси қаласында да қираған үйлер бары анықталған. Түркияның экология және қала құрылысы министрі Мұрат Курум Түркия билігі жексенбіде зардап шеккендерге материалдық көмек төлей бастағанын айтты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Түркия жер сілкінісі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір