• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:58:35
Алматы
+35°

"Әліппе" оқулығын 2021-2022 оқу жылына қарай енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова орталық коммуникацияар қызметіндегі онлайн брифингте хабарлады.

– "Әліппенің" оқу бағдарламасына қатысты оқулықтар әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстың соңы ретінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап оқулықтар апробацияға енгізілетін болады. Ол үшін білім және ғылым министрлігі апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізбесін бекітті. Осы бекіткен тізбеге байланысты барлық мектептерде "Әліппенің" бірінші бағдарламасы зерделенетін болады.

Одан кейін оқулық даярлаудың барлық кезеңдеріне байланысты толық талдау жасау жұмысы жүрігізіледі. Сараптамадан өткен оқулықтар жаңа оқу жылында мектепке енгізіледі. Жалпы, "Әліппені" енгізу 2021-2022 оқу жылына жоспарланған, – деді білім және ғылым вице-министрі онлайн брифингте.

Сондай-ақ вице-министр "Әліппенің" Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалатынын, мұның жұмыс тобындағы ғалымдар мен мұғалімдер тарапынан да қолдау тапқанын атап өтті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Әліппе 2021-2022

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір