04 Қараша, 2020 Саясат
Фото: qamshy.kz
Әлеуметтік желіде Тимур Құлыбаевтың Швейцариядағы 600 миллионнан астам доллар қаржысы бар есепшоты бұғатталғандығы туралы ақпарат тарады.
– БАҚ құралдарына, Назарбаевқа, Қазақстанның Бас прокуратурасына, парламентке Тимур Құлыбаевтың 100 миллиондаған долларды жымқырып жатқаны туралы мәлімдеме жасадым. Ешкім құлақ аспады. Сосын 6 Қазақстан азаматы Швейцарияның прокуратурасына арыз жаздық. Менің таң қалғаным – Швейцария Құлыбаевтың есепшоттарына арест қойды, – дейді ақпарат таратушы автор.
Оның айтуынша, есепшот 3 жыл бойы бұғатталып жатқан және Кулебаев шотты ашуға бірнеше себептер айтқан. Артынша Қазақстанның салық инспекциясы ол ақшалардың ұрланбағандығын және Қазақстанның қаржы министрлігі бұл ақпаратты растап отырғандығын хабарлаған.
Сондай-ақ, автор Дариға Назарбаеваның Лондондағы активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді. Атап айтқанда Назарбаеваның 100 миллион фунт шамасындағы мүлкіне арест қойылғаны жайлы ақпарат беріп, оның Англиядағы 2 зәулім үйі мен 2 пәтеріне қатысты да пікір білдірген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір